Семей медицина университетінің «Күміс университет» жобасы аясында «Достар үйі» ғимаратында 17 ақпан күні биохимия және химиялық пәндер кафедрасы мен мейіргер ісі кафедрасы бірлесіп, жоспар бойынша «Қант диабетін өзін-өзі басқаруға үйрету» тақырыбында іс-шара өткізді. Бұл жоба зейнеткерлік жастағы өкілдер үшін үздіксіз кәсіби және тұлғалық дамудың жағдайлары мен мүмкіндіктерін құру, сондай-ақ физикалық және ақыл-ой белсенділігін арттыру арқылы қартаюдың жағымсыз белгілерін жеңу мақсатында құрылғандықтан, аталған кафедралардың оқытушылары Елемесова Жаннур Габдилмаликовна және Қабдолданова Ақбота Ардаққызы денсаулық және қауіпсіздік: күміс ғасырдағы салауатты өмір салты, физиотерапия жаттығулары, тамақ мәдениеті бағытында презентация дайындап, зейнеткерлерге маңызды ақпарат берді. Онда қант диабетінің пайда болу себептері, симптомдары, түрлері, дұрыс тамақтану ұсыныстары, қант диабетінің алдын алу шаралары, өзін-өзі бақылау және өзін-өзі бақылау түрлері және қандағы және зәрдегі қантты анықтаудың үй жағдайындағы жолдары түсіндірілді. Қорытындылай келе, оқытушылар кез-келген жағдайда дұрыс шешім қабылдай білу және дұрыс әрекет ете білу – бұл қант диабеті туралы білімнің жоғары деңгейінің ғана емес, сонымен қатар жақсы нәтижелерге қол жеткізе отырып, ауруды басқарудың нәтижесі екенін айтты. Дұрыс тамақтануға оралу, салмақ жоғалту және өзін-өзі бақылауды жақсарту қант диабетімен күресуді білдіреді. Кейбір жағдайларда дұрыс шешім дереу дәрігермен кеңесіп, жағдайды шешуге тәуелсіз әрекеттен бас тарту болар еді.
Оқытушылар Ж.Г. Елемесова, А.А. Қабдолданова