Соңғы жылдары дербестелген медицина кафедрасында клиника мектебі жұмыс істейді, онда кафедра қызметкерлері ғана емес, сонымен қатар кафедраның резиденттері мен интерндері де белсенділік танытады.
Клиника мектебінің кезекті онлайн отырысын «Жедел коронарлы синдром кезіндегі жалпы тәжірибелік дәрігердің тактикасы. Жүрек-қантамыр аурулары кезіндегі коронавирусты инфекцияның өту ерекшелігі» тақырыбында 2021 жылдың 19 ақпанында Zoom конференциясы арқылы дербестелген медицина кафедрасының меңгерушісі м.ғ.д. профессор А.А. Дюсупова, оқытушылары А.С. Абишева мен Д.А. Жексенаева жетекшілігімен 625 және 716 топтың интерн-дәрігерлері өткізді.
Қазіргі уақытта COVID-19 коронавирустық инфекциясын диагностикалау және емдеу алғашқы медициналық көмек көрсету орталықтарының дәрігерлері үшін өте өзекті болып табылады. Жүрек- қантамыр ауруларымен ауыратын адамдарда коронавирусты инфекция ауыр дәрежеде өтіп, асқынуларға ұласу мүмкіндігі жоғары болатындықтан осындай науқастарды емдеудің өзіндік ерекшеліктері бар.
Жедел коронарлы синдром дүние жүзі бойынша өлім себебінің алғашқы орнында болғандықтан, жалпы тәжірибелік дәрігерлер бұл патологияны уақытында анықтап, білікті алғашқы медициналық көмек көрсетуі, науқастар ауруханалық емнен шыққаннан кейін ары қарай олардың реабилитациясымен айналысады.
Интерндер осы аурулардың барлық ерекшеліктеріне толығымен тоқталды. Конференцияны дайындау барысында Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің Республикалық денсаулық сақтауды дамыту орталығының клиникалық хаттамаларын, дәлелді медицина бойынша заманауи деректер қолданылды.