2021 жылғы 23 ақпан күні мейіргер ісі кафедрасында медициналық колледж және жоғары колледж оқытушыларына арналған Amitabh Arya, Lucknow, India радиациялық медицина бөлімінің дәрігері, медицина ғылымдарының профессорының қатысуымен «Жоғары мейіргерлік білім берудегі зерттеу дағдылары» тақырыбында мастер-класс басталды. Мастер-класстың негізгі мақсаты – мейіргерлік ғылымда зерттеулер жүргізудің әдіснамасы мен кезеңдері саласындағы білімді арттыру, сондай-ақ білім беру бағдарламаларының әртүрлі деңгейлерінде мейіргер зерттеулерін іске асыру үшін қажетті құзыреттер мен дағдыларды зерделеу.
Мастер-класс басында доктор Amitabh Arya құттықтау сөз сөйлеп, бакалавриат студенттеріне ғылыми-зерттеу дағдыларын үйрету бойынша дәрістің бірінші бөлімінің негізгі сұрақтарына қысқаша тоқталды.
Мастер-класс бағдарламасы дәрісті оқуды және топтық тапсырмаларды орындауды, содан кейін мастер-класс оқытушыларымен бірге талқылау жүргізілді.