20-21 ақпан күндері Назарбаев университетінің Nomad дебат клубының ұйымдастыруымен «Көшпенділер Көкжиегі» республикалық пікірсайыс турнирі өтті. Еліміздің барлық аймақтарынан іріктеліп алынған 64 фракция, үздік 128 спикер турнирға қатысу мәртебесін иеленді.
«Салауат» дебат клубынан «Мед Универ» фракциясының пікірсайысшылары 5 курс студенті Нұрбақыт Исахан мен 4 курс студенті Нұрсыйпат Жолдасова әлемдік деңгейде өнер көрсетіп, халықаралық турнирлардың жеңімпазы атанған пікірсайысшылар және төрешілермен тәжірибе алмасты. Салауаттықтар бұл турнирда жоғары деңгейде ойын көрсетіп, үздік 8 спикер қатарына еніп, жартылай финалда өз біліктіліктерін көрсетті.