2021 жылғы 24 ақпан күні түлектерді жұмысқа орналастыру және Medical Foundation дайындық бөлімінің бас маманы Э.М. Турарова, әдіскер Д.Е. Советбеков, проф. Н.А. Хлопов атындағы топографиялық және клиникалық анатомия кафедрасының меңгерушісі А.К. Букатов, кітапхана бас маманы Г.С. Кадирсизова және де симуляциялық технологиялар кафедрасының оқу меңгерушісі Р.А. Ковылинаның көмегімен Өскемен қаласының №29 орта білім беретін мектептің 11 сынып оқушысы И.И. Затеевке университет бойынша экскурсия ұйымдастырды.
Жоғары сынып оқушысына анатомиялық мұражаймен танысу мүмкіндігі бұйырды. Онда проф. Н.А. Хлопов атындағы топографиялық және клиникалық анатомия кафедрасының меңгерушісі А.К. Букатов мұражайда ұсынылған экспозициялар туралы әңгімеледі, сондай-ақ 3D үстелді іс-әрекетте көрсетіп студенттерге қандай жағдай жасалынып отырғаны туралы атап өтті.
Сондай-ақ, талапкер симуляциялық технологиялар кафедрасында болды. Онда студенттер тренажерлармен және робот-симуляторлармен, манекен-имитаторлармен, электрондық фантомдармен, модель-муляждармен және басқа да интерактивті компьютерленген жабдықпен практикада өз дағдыларын дамыту мүмкіндігін көріп шықты.
Болашақ талапкер Семей медицина университетіне түсу ережелерімен танысып, білім беру бағдарламалары туралы қажетті мәліметтерді алып, біздің университет қабырғасында бірінші рет болғанын атап айтты. Болашақ талапкеріміз студенттерге өте жоғары деңгейде жағдай жасалып жатқанын көріп, университет ұжымына, қызметкерлерін өз ризашылығын білдірді.[vc_row dt_title=”” mode=”masonry” responsiveness=”browser_width_based” bwb_columns=”desktop:2|h_tablet:2|v_tablet:2|phone:1″ pwb_column_min_width=”” pwb_columns=”” gap_between_posts=”5px” loading_effect=”fade_in” image_sizing=”proportional” resized_image_dimensions=”1×1″ image_border_radius=”0px” image_decoration=”none” shadow_h_length=”0px” shadow_v_length=”4px” shadow_blur_radius=”12px” shadow_spread=”3px” shadow_color=”rgba(0,0,0,0.25)” image_scale_animation_on_hover=”slow_scale” image_hover_bg_color=”default” custom_rollover_bg_color=”rgba(0,0,0,0.5)” custom_rollover_bg_gradient=”45deg|rgba(12,239,154,0.8) 0%|rgba(0,108,220,0.8) 50%|rgba(184,38,220,0.8) 100%” hover_animation=”fade” on_click=”popup” show_zoom=”y” gallery_image_zoom_icon=”icomoon-the7-font-the7-zoom-06″ project_icon_size=”32px” project_icon_color=”#ffffff” project_icon_bg_size=”44px” project_icon_bg=”n” project_icon_bg_color=”rgba(255,255,255,0.3)” project_icon_border_radius=”100px” project_icon_border_width=”0px” project_icon_border_color=”” loading_mode=”disabled” jsp_posts_per_page=”” jsp_show_all_pages=”n” jsp_gap_before_pagination=”” jsm_posts_per_page=”” jsm_gap_before_pagination=”” jsl_posts_per_page=”” navigation_font_color=”” navigation_accent_color=”” include=”” dt_project_icon_title=”” css_dt_gallery=””][vc_column]
[/vc_column][/vc_row]