Семей медицина университетінде «Жоғары мейіргер біліміндегі зерттеу дағдылары» атты онлайн мастер-класс өтті

Семей медицина университетінде «Жоғары мейіргер біліміндегі зерттеу дағдылары» атты онлайн мастер-класс өтті

2021 жылдың 23-25 ақпан аралығында мейіргер ісі кафедрасында ZOOM платформасында Amitabh Arya, Lucknow, India радиациялық медицина бөлімінің профессоры және дәрігерінің қатысуымен «Жоғары мейіргер біліміндегі зерттеу дағдылары» атты онлайн мастер-класс өткізілді.

Мастер-классқа 3 жоғары медициналық колледждері – Өскемен жоғары медициналық колледжі, Семей қаласының Д. Қалматаев атындағы мемлекеттік жоғары медициналық колледжі, Қостанай жоғары медициналық колледжі және «Семей» медициналық колледжі қатысты.

Мастер-класстың мақсаты – мейіргер ғылымында зерттеулер жүргізудің әдіснамасы мен кезеңдері саласындағы білімді арттыру, сондай-ақ білім беру бағдарламаларының әртүрлі деңгейлерінде мейіргер зерттеулерін іске асыру үшін қажетті құзыреттер мен дағдыларды зерделеу.

3 күн аралығында мастер-классқа шетелдік радиациялық медицина бөлімінің профессоры және докторы, лектор Amitabh Arya мен кафедра ассистенттері Ж.Т. Жетмекова, М.М. Сағадиева мейіргерлік зерттеулер әдіснамасын оқыту материалдары мен мейіргерлік ғылымда зерттеу жүргізудегі мейіргерлердің дағдылары бойынша дәрістер оқыды және топтық пікірталас өткізді.

Мастер-классқа жоғарыда аталған медициналық білім беру ұйымдарынан барлығы 39 қатысушы қатысты. Мастер-класс соңында барлық қатысушыларға сертификаттар берілді.

Жарияланды:
Рубрикалар: Оқушылар