Жатақханада тұратын студенттер арасында дойбыдан жарыс өтті

Жатақханада тұратын студенттер арасында дойбыдан жарыс өтті

Семей медицина университетінің №1 және №3 жатақханалар арасында достық қарым-қатынаста дойбы жарысы ұйымдастырылды. Дойбы жарысының нәтижесі келесідей болды:

1-орын Ернар Нүсіпбек

2-орын Нұржігіт Кәрібай

3-орын Вячеслав Хлыстун

Қазақстандағы дойбы спортының дамуы бұдан бірнеше ғасыр бұрын басталды. Көшпенді бабаларымыз (сақ дәуіріндегі) «шатран» деген ойынды білген екен. Әуелгі кезде оны ойнауға тиым салғанына қарамастан қазақ даласына тез тарап кетіпті. Сауда керуендерінің қазақ даласына келуіне байланысты қазақ даласына бұл ойын халықтың сүйікті ойындарының біріне айналған. Қазақстанның шығысында бұл ойынды «дойбы» десе, батыс аймақтарда «шатраш» деп атайды. Қазақтың «екі жеп биге шығу» деген сөзі бұл ойынның ежелден келе жатқандығының, оның ұлттық ойынымыз екенінің бір белгісі.

Жарияланды:
Рубрикалар: Оқушылар