Қазіргі әлемдегі ағылшын тілінің рөлі, әсіресе болашақ дәрігерлер үшін баға жетпес екенін бәрі біледі. Шет тілін білу өз біліктілігін арттырып қана қоймай, басқа елдердің түрлі медициналық әдебиеттерді оқып, сондай-ақ халықаралық конференцияларға, съездерге қатысу; шетелде оқуға және тәжірибеден өтуге; шетелдік әріптестермен тәжірибе мен білім алмасуға мүмкіндік береді.
2021 жылдың 24 ақпанында Семей медицина университетінде КОММ белсенділері, SCOPE тұрақты кәсіби алмасу комитеті Google meet платформасында “My Medical English” іс-шарасын өткізді. Басты сөз дарынды балаларға арналған 3 тілде білім беретін Әл-Фараби атындағы мектеп-гимназияның ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Рабилова Ақерке Сәлімқызына берілді. Аталған іс-шарада IELTS халықаралық емтиханының Reading бөлімінің маңыздылығы талқыланды. Студенттер емтиханның осы бөлігін өткізу ережелері туралы егжей-тегжейлі біліп, құнды кеңестер және білім деңгейін жақсартуға мотивация алды.
«Жалпы медицина» мамандығының 2328 топ студенті Диана Асқарқызы