“ProInCa” жобасының жаңалығы 1

“ProInCa” жобасының жаңалығы 1

2017 жылдың 7-8 желтоқсанында Назарбаев Университетінің Медицина мектебінде Эразмус + бірлесіп қаржыландырған ProInCa – «Денсаулық сақтау саласындағы реформалау барысында  мейірбике ісі саласындағы жоғары білімнің инновациялық әлеуетін ілгерілету» атты жобаның  ресми серіктестік кездесуі өтті. Кездесуде Халықаралық ынтымақтастық және академиялық ұтқырлық бөлімінің бастығы Измайлбаева Зарина Рашидовна, ішкі аурулар пропедевтикасы кафедрасының ассистенті Жетмекова Жұлдыз Төреханқызы және дерматовенерология және косметология кафедрасының меңгерушісі Ахметова Альмира Каалыкапасовна фокус-топтар мен семинарлар өткізді, «Дәлелді мейірбике негізінде тиімділік пен сапа»  атты 2.2 жұмыс пакеті  аясында Анжела Бошкен денсаулық сақтау факультетімен  бірлесе жұмыс жоспарын талқылады.

Жоба координторлары JAMK қолданбалы ғылымдар университеті грантты пайдалану бойынша нұсқаулық пен жобаның құжаттамасының нұсқаулықтарын егжей-тегжейлі сипаттады.

Жобаның ассоцирленген  серіктестері  Денсаулық сақтау министрлігі, Білім және ғылым министрлігі, РДСДО кездесуге  қатысты, олар ProInCa-ның Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау жүйесін дамыту мен қолдаудағы, атап айтқанда ғылымның, дәлелді тәжірибе мен мейірбике ісіндегі көшбасшылықтың дамытудағы маңыздылығын атап өтті.