Эразмус + бағдарламасымен бірлесіп қаржыландырылған – ProInCa «Денсаулық сақтау жүйесін реформалау үшін мейірбике ісі саласындағы жоғары білімнің инновациялық әлеуетін насихаттау» жобасының аясында ішкі аурулар пропедевтикасы кафедрасының ассистенті Жетмекова Жұлдыз Төреханқызы және дерматовенерология және косметология кафедрасының меңгерушісі Ахметова Алмира Каликапасовна 2018 жылдың 16-20 сәуір айында Гронинген қаласының (Нидерланды) Ханзе қолданбалы ғылымдар университетінде «Мейірбике шеберлігі орталығы» мастер классына қатысты.
Мастер-класстың мақсаты әлемдік мейірбике тәжірибесі мен мейірбике ісіндегі жаңа білімдерді тарататын Қазақстан Республикасының бірыңғай орталығын құру болды. Мастер-класс барысында платформаның интерфейсі жасалды, болашақ мейірбикелік шеберлік орталығы үшін мақсатты пайдаланушылар анықталып мен платформа мазмұны келісілді. Ханзе қолданбалы ғылымдар университетінің серіктестері осындай орталықтар құру тәжірибесімен бөлісті, мейірбике ісінің өзекті тақырыптары бойынша шолу семинарларын өткізді.