Эразмус + бағдарламасымен бірлесіп қаржыландырылған – ProInCa «Денсаулық сақтау жүйесін реформалау үшін мейірбике ісі саласындағы жоғары білімнің инновациялық әлеуетін насихаттау» жобасының аясында халықаралық ынытымақтастық және стратегиялық жоспарлау бойынша проректор Айдосов Нуржан Сарсынбекович, ішкі аурулар пропедевтикасы кафедрасының ассистенттері Жетмекова Жұлдыз Төреханқызы және Шарапиева Алуа Муратбековна, инновациялық медициналық білім орталығының меңгерушісі Жунусова Айгуль Битимбаевна, 3 жыл докторанты Кырыкбаева Салтанат Саятовна 2018 жылдың 01-07 қазан айында Финляндияда іскерлік сапарында болып қайтты.
Іскерлік сапарымыз Хельсинки қаласындағы жаңа балалар ауруханасымен танысудан басталды. Кішкентай науқастар үшін аурухананың әр қабаты әйгілі швед жазушысы Туве Янсонның Мумми Тролль туралы басылған ертегілер кейіпкерлеріне арналған. Емдеу және алдын алу үшін қажетті құрал жабдықтар, науқастың жайлылығы үшін кең бөлмелер мен заманауи аппараттар тағы бар. Аурухананың дәріс залында Финляндиядағы Мейірбикелік зерттеулер және дәлелді тәжірибені дамыту үшін қызмет ететін HOTUS ұйымының қызметкерлері өз тәжірибесімен бөлісті.
Жобаның келесі шарасы «Мейірбике ісіндегі көшбасшылық» мастер класы Лахти қаласындағы Лахти қолданбалы ғылымдар университетінде өтті. Мастер-класстың мақсаты Қазақстан Республикасындағы мейірбикелер, мейірбике ісі оқытушылары және студенттеріне арналған көшбасшылық құзіреттілігін арттыру үшін ұлттық білім беру материалдарын жасап шығару. Мастер-класс барысында жоба аясында құрылатын электронды платформаға стратегиялық жоспарлау, командалар және адамдарды басқару, кәсіптік этика бойынша материалдар жасалды.
Іс сапардың соңғы қүндері халықаралық ынытымақтастық және стратегиялық жоспарлау бойынша проректор Айдосов Нуржан Сарсынбекович және инновациялық медициналық білім орталығының меңгерушісі Жунусова Айгуль Битимбаевна Ювяскюля қаласындағы JAMK қолданбалы ғылымдар университетінде өткен жобаның академиялық адвайзерлер кеңесіне қатысты. Кеңес мүшелері жобаның барысымен танысып, өзекті мәселелер мен жоба серіктестігін нығайтудың жолдарын қарастырды.