Эразмус + бағдарламасымен бірлесіп қаржыландырылған – ProInCa «Денсаулық сақтау жүйесін реформалау үшін мейірбике ісі саласындағы жоғары білімнің инновациялық әлеуетін насихаттау» жобасының аясында дерматовенерология және косметология кафедрасының меңгерушісі Ахметова Альмира Капановна және асситенті Касым Лаура Талғатқызы және 2018 жылдың 10-16 қараша айында Словенияда «Дәлелді мейірбике ісі арқылы сапа және тиімділік» атты мастер классқа қатысты.
Мастер-класстың мақсаты Қазақстан Республикасындағы мейірбикелер, мейірбике ісі оқытушылары және студенттеріне арналған дәлелді мейірбикелік тәжірибе құзіреттілігін арттыру үшін ұлттық білім беру материалдарын жасап шығару. Жоба серіктестері Семей Мемлекеттік Медицина университеті және Анжела Бошкен денсаулық сақтау факультетінің қызметкерлерімен бірлестікте дәлелді тәжірибе өзектілігі, дәлелді тәжірибені қолданысқа енгізу бойынша әдебиет шолуы және мейірбике ісі бойынша оқу бағдарламаларының анализі серіктестер назарына ұсынылды. Мастер-класс барысында қолданбалы бакалавр, академиялық бакалавр және магистр дәрежелеріне арналған дәлелді мейірбике ісі бойынша материалдар жасалды.