2021 жылдың 1 наурыз күні терапиялық стоматология кафедрасының оқытушысы П.А. Бекенова “Стоматология” мамандығының 502 топ студенттеріне ашық сабақ өткізді. Ашық сабақ академиялық саясатқа сәйкес ZOOM онлайн-платформасында қашықтан оқыту форматында “Ашық сабақ туралы Ережеге” сәйкес өткізілді.
Ашық сабақ тақырыбы – «Эндокринді аурулар кезіндегі ауыз қуысындағы көріністер».
Ашық сабақ мақсаты – педагогикалық біліктілікті көрсету, педагогикалық шеберлікті бағалау және жетілдіру. Ашық сабаққа кафедра меңгерушісі Н.Б. Хайдарова, оқу ісі меңгерушісі Д.М. Сулейменева, ассистенттер С.М. Сыздыкаева, М.Е. Нургожина, М.С. Молдажанова қатысып, ашық сабақ барысында жас мұғалімнің сабақ жүргізу әдісін, тәсілін, материалдарды талқылау және беру деңгейін, студенттердің дайындығын, қызығушылығын, осы курстағы компетенцияны меңгеру деңгейін бағалады.
Ашық сабақ 3 кезеңнен тұрды: 1 кезең – тақырыпты талқылау «Галактика» ойыны; 2 кезең блиц-сұрақтар бойынша; 3 кезең – SBL тәсілі. Студенттер белсенді қатысып, жұмыс жасады. Жалпы алғанда ашық сабақ қызықты, белсенді жүргізіліп, қойған мақсаттарына жетті.