«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында кураторлық сағат өтті

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында кураторлық сағат өтті

Ақпанның 26-сы күні медициналық білім беру кафедрасы оқытушысы Айгерім Асылбекова «Стоматология» мамандығының 1303 және 1306 топтарына кураторлық сағат өткізді. Кураторлық сағат «Туған жер» арнайы жобасының жүзеге асырылуы» және «Ұлы даланың ұлы есімдері» тақырыптарына арналды. Бұл «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында өткізілуі керек іс-шаралардың ішіне кіретін тақырыптар болып табылады.

Бағдарлама аясындағы іс-шаралар Отанға деген сүйіспеншілік пен эмоционалды қатынасты үйлестіруге арналған. Туған жерге, оның мәдениетіне, әдет-ғұрпы мен дәстүріне деген сүйіспеншіліктен көрінетін патриотизм мәдени-генетикалық кодтың негізі болып табылады.

Өткізілген кураторлық сағаттың басты мақсаты – өнегелік мұраттарға негізделген халықтың өз жерінің дәстүрлеріне, тарихына және мәдениетіне деген қызығушылығы мен құрметін қалпына келтіру, білім беру және оқыту арқылы қазақстандық патриотизм мен жалпыадамзаттық құндылықтарды қалыптастыру және дамыту.

Жарияланды:
Рубрикалар: Оқушылар