Студенттерге университеттің ішкі ережелері мен этика  кодексі таныстырылды

Студенттерге университеттің ішкі ережелері мен этика кодексі таныстырылды

2021 жылдың 25 ақпан күні 1102 топ студенттерімен Ж.Қ. Жайрбаева жетекшілігімен кураторлық сағат өткізілді. Аталған кураторлық сағат барысында Жананұр Қамбарқызы университет қабырғаларындағы тәртіптің сақталуы мен ережелерге бағыну туралы сөз қозғап, университеттің ішкі ережелерімен таныстырды. Сонымен қатар, студентттердің оқу орнына қатысты міндеттерін атап өтіп, этика кодексін түсіндірді. Қорытындылай келе, топ кураторы студенттерге жалпы ережелерді бұзбай, қатаң түрде сақтауын, университеттегі жалпыға ортақ тәртіпке бағынудың маңыздылығын айта кетіп, жиналысты аяқтады.

Топ студенті А. Абдығалық

Куратор Ж.Қ. Жайрбаева

Жарияланды:
Рубрикалар: Оқушылар