27 ақпан күні «Мейіргер ісі» мамандығы студенттерінің мейірбикелік күтім мектебі аясында ZOOM платформасында барлық курстарға арналған кезекті жиналыс өтті. Бұл кездесудің мақсаты Journal Club ұйымдастырып, дәрістерді тыңдау болды. Дәрістің өзектілігі қысқы кезеңде, әсіресе көктайғақ кезінде қауіпсіздікті сақтау қажеттілігінен туындады, оны жеделдетілген оқу бағдарламасының студенті (10 ай) – Гульнар Асанова «Құлаудың алдын алу ережелері» тақырыбы бойынша дайындады.
Мейірбике ісі жөніндегі журнал клубының мақсаты – зерттеулерді қолдануды жеңілдету және мейірбике ісінде дәлелді медицинаны алға жылжыту үшін ғылыми медициналық журналдарда жарияланған ғылыми мақалаларға шолу жасау және талқылау. Таңдалған мақаланың тақырыбы – «Интенсивті терапия мейірбикелерінің шешім қабылдаудағы клиникалық тәжірибесі және олардың жұмысқа қанағаттануына әсері: жақсы жұмыстың мүмкіндіктері». Мейіргер ісі кафедрасының ассистенті Мерей Сағадиевамен бірге зерттеудің мақсаты мен міндеттері, сондай-ақ осы зерттеудің әдістемесі мен нәтижелері талқыланды.