1 курс студенттеріне арасында «Молекулалық биология және  медициналық генетика» пәні бойынша олимпиада өтті

1 курс студенттеріне арасында «Молекулалық биология және медициналық генетика» пәні бойынша олимпиада өтті

2021 жылдың 25 ақпаны күні КеАҚ «СМУ»  ҚР ҰҒА академигі Т.К. Раисов атындағы молекулалық биология және медициналық генетика кафедрасының ұйымдастыруымен «Жалпы медицина»  мамандығының 1 курс студенттері арасында пәндік олимпиаданың 1-ші кезеңі өтті.

Ұзақ уақыт қашықтықтан оқытудан кейін университет қабырғасында өткізіліп отырған алғашқы іс-шара барлық санитарлық талаптарды қатаң сақтай отырып жүргізілді.

1-ші кезеңде жалпы саны 59 студент білімін сынап, ең жоғары нәтиже көрсеткен 16 қатысушы келесі кезеңге жолдама алды:

  1. Жумагалиев Адилжан
  2. Секебаева Камилла
  3. Мазнарқанова Балауса
  4. Жумабаева Амина
  5. Сағындықов Райымбек
  6. Болатбекова Айдана
  7. Тұрысбекова Нұргүл
  8. Қапезова Айдана
  9. Теңізхан Мереке
  10. Жұмашқан Ерасыл
  11. Сейтқан Балғын
  12. Мамедова Милена
  13. Абдығалық Алтынай
  14. Ақанова Наргиза
  15. Тастанбекова Аяна

Наурыз айының 1-і күні олимпиаданың 2-ші кезеңі командалық сайыс түрінде өткізілді. Аталған 16 қатысушы жеребе арқылы 4 командаға бөлініп, өзара сынға түсті. Негізгі кезең 3 турдан тұрды. Атап айтсақ:

I тур – генеологиялық әдіспен шежіре құру, оны талдау

II тур – капитандар сайысы

III тур – биологиялық механизмдердің сызбасын көрсетіп, маңыздылығын түсіндіру.

Тартысқа толы бұл олимпиаданың қорытындысы бойынша:

1-ші орын— «Dominant»  командасы (Сағындықов Райымбек, Жумабаева Амина, Абдығалық Алтынай, Тұрысбекова Нұргүл)

2-ші орын— «Proteins»  командасы (Жумагалиев Адилжан, Секебаева Камилла, Сейтқан Балғын, Ақанова Наргиза)

3-ші орын— «Suppressor»  командасы (Тастанбекова Аяна, Мамедова Милена, Мазнарқанова Балауса, Теңізхан Мереке)

4-орын—«Nucleus» командасы (Жұмашқан Ерасыл, Болатбекова Айдана, Қапезова Айдана, Қалқаман Айжан) иеленді.

Барлық қатысушы студенттер кәсіподақ ұйымының қолдауымен бағалы сыйлықтармен марапатталды!

ҚР ҰҒА академигі Т.К. Раисов атындағы молекулалық биология және медициналық генетика кафедрасы барлық қатысушы студенттерге және кәсіподақ ұйымының төрағасы Советов Бақытбек Советұлына алғыс айтады.

Жарияланды:
Рубрикалар: Оқушылар