«Балалардағы короновирусты инфекция COVID-19» клиникалық хаттамасының негізгі бағыттары түсіндірілді

«Балалардағы короновирусты инфекция COVID-19» клиникалық хаттамасының негізгі бағыттары түсіндірілді

ШҚО денсаулық сақтау жүйесінің медициналық қызметкерлеріне арналған онлайн-семинар аясында ZOOM бейнеконференция режимінде «СМУ» КеАҚ балалар жұқпалы аурулар кафедрасының ассистенті Е.С. Смаилов ҚР ДСМ 16.10.2020 жылы бекіткен «Балалардағы короновирусты инфекция COVID-19» клиникалық хаттамасының негізгі бағыттарын ұсынды. Баяндамашы балалардағы COVID-19-дың клиникалық ерекшелігіне, классификациясына, зертханалық зертттеу әдістері мен еміне тоқталды. Семинар барысында балалардағы COVID-19-дан кейінгі 2-4 аптадан соң дамитын көп жүйелі қабыну синдромының клиникалық ерекшелігі мен емін атап өтті. Семинарға ШҚО ДСБ практикалық денсаулық сақтау саласының 100 тыңдаушысы қатысты. Сұрақ-жауап бөлімінде семинарға қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға балалар жұқпалы аурулар кафедрасының меңгерушісі м.ғ.к. И.М. Эфендиев ZOOM платформасында клиникалық тәжірибесімен бөлісіп, сұрақтарға жауап берді.

Балалар жұқпалы аурулар кафедрасы

Жарияланды: