«Вакцинация туралы ақпарат» тақырыбында онлайн-сұхбат өтті

«Вакцинация туралы ақпарат» тақырыбында онлайн-сұхбат өтті

КОММ ұйымының белсенділері, атап айтқанда SCOPH Қоғамдық денсаулықты қорғау жөніндегі тұрақты комитеті «Вакцинация туралы ақпарат» тақырыбында онлайн форматта іс-шара өткізді. Өзекті тақырыпта студенттер жұқпалы аурулар және иммунология кафедрасының меңгерушісі, м.ғ.к., доцент, жоғары санатты инфекционист-дәрігер Сәуле Боранбайқызы Маукаевадан сұхбат алды.
Қазіргі эпидемиологиялық жағдайда вакцинация тақырыбы бүкіл әлемде өзекті және сұранысқа ие болып табылады. Халыққа вакцинация туралы жалған және бұрыс ақпарат беру, адамдар арасында қорқыныш пен күмән тудыруы мүмкін.

Бұл сұхбатында инфекционист-дәрігер «ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің нұсқамаларына сәйкес «Спутник V» және «QazCovid-In» вакциналарын 18 жасқа дейінгі балалар мен 65 жастан асқан қарт адамдарға енгізбеу керек. Ведомство бұл топтарға вакцинация өз қалауы бойынша жасалады деп мәлімдеді. Сонымен қатар, ауыр аллергиясы, созылмалы аурулары бар, АИТВ жұқтырған адамдарға вакцинация ұсынылмайды немесе тек дәрігердің рұқсаты негізінде жасалынады. Сондай-ақ, вакцинация ерікті екенін атап өткен жөн, яғни оны тек адамның келісімімен жүргізуге болады», – деп мәлімдеді.
Біздің денсаулығымыз – біздің қолымызда! Біз адамдарды осы егудің артықшылықтары мен қарсы көрсеткіштерін өлшеуге және өз денсаулығына қамқорлық жасауға шақырамыз.

Жарияланды:
Рубрикалар: Оқушылар