Білім беру саласында интеграцияны іске асыру мақсатымен 2020 – 2021 оқу жылында ЖМ 5 курсы үшін тұңғыш рет «Клиникадағы асқорыту жүйесі» клеркшип құрылды, оның құрамына 4 пән: гастроэнтерология, хирургия, эндокринология мен онкология кірді. Интеграцияға біздің университеттің кафедралары қатысады: факультеттік терапия, хирургиялық пәндер, эндокринология, клиникалық және радиациялық онкология. Бұл білім беру технологиясы студенттерде жалпы тәжірибе дәрігеріне қажетті клиникалық ойлау дағдыларын және науқас адамға мәселеге бағытталған тәсілін қалыптастыруға көмектеседі.
Интеграциялық білім берудің сәтті болуы негізінен кешенді бағалауды іске асыруға тәуелді. Білім беру стратегиясы мен бағалау әдістемесінің арасындағы сәйкессіздік кез-келген бағдарламаның сәтсіз жолға түсуіне әкеледі. Клиникалық пәндерде бағалау құралдары клиникалық шешім қабылдау дағдысын бағалай алу керек. Және бұл тәсілдер Білім беру бағдарламалары Комитетінің отырыстарында талқыланды.
Интеграциялық тәсіл формативті және суммативті бағалаудың бірінші кезеңін бағалауда қолдануға келеді, оған интеграция пәндері бойынша MCQ кірді. Емтиханның тәжірибелік бөлігін бағалау үшін интеграциялық білім берудің қорытынды кезеңі ретінде мини – клиникалық емтихан форматы қолданылатын болды.
Емтихандар аяқталған соң студенттерден кері байланыс сауалнамасы алынды. Сауалнаманы 5 курстың 305 студенті өтті. Көптеген студенттер сабақтың ұйымдастыруына қанағаттанды, сабаққа дайындалған кезде 80% студенттер блюпринттарда бекітілген материалдарды қолданған. Студенттер тақырыпқа сәйкес блюпринттарда жеткілікті мөлшерде қажетті, өзекті дайындық материалдары болғанын айтты. 92% студенттер сабақ үстінде тақырыпты талдау барысында интерактивті оқыту әдістемелері (CBL, SP, TBL немесе басқалары) қолданылғаны туралы жазды. Студенттердің басым бөлігі білімді бағалау критерийлері айқын жазылғанын және танысуға берілгенін айтты. Білім алушылардың 97% оқытушылар этика нормаларын толық ұстанғанын және құрметті қарым-қатынаста болғандарын көрсетті. 97,7% адамдар білім берудің соңғы нәтижелеріне сәйкес келетін білім алғанын, компетенцияларын жетілдіргенін айрықша көрсетті. 93,3% студенттердің ойынша пән нәтижелері бойынша бағалау объективті және кері конструкциялық байланыспен бірге болды. Көптеген студенттер формативті немесе суммативті бағалау тесттерін шешкен кезде біраз қиындықтар болғанын жазды, оларды дистанциялық білім берудің академиялық саясатына сәйкес 1 тестке берілген 2 минут уақыттың жеткіліксіз екенін көрсетті.
Асқорыту жүйесі модулі бойынша дәрігерлік тәжірибе негіздерін оқытудағы интеграциялық тәсіл жеткілікті жақсы нәтиже көрсетті және студенттерге қажетті компетенциялар игеруіне көмектесті. Модульдер ішінде интеграциялық тәсілді енгізу нәтижелігін оқытушылардан алынған кері байланыс нәтижелерін және оқу жылының аяғында қорытынды бақылаудың объективті нәтижелерін сараптау керек.
Факультеттік терапия кафедра ассистенті Шаханова Айжан Тунгышхановна

