БМСКО жағдайында жүрек-қантамыр жүйесі ауруларымен есепте тұратын науқастарда асқынулардың алдын алу

БМСКО жағдайында жүрек-қантамыр жүйесі ауруларымен есепте тұратын науқастарда асқынулардың алдын алу

СМУ дербестелген медицина кафедрасында м.ғ.д., профессор А.А. Дюсупова жетекшілігімен жүргізілетін превентивті медицина мектебінің келесі шарасы кафедра ассиcтенті А.С. Абишева ұйымдастыруымен 725-топтың жалпы тәжірибелік дәрігер интерндері Семей қаласының №1 бастапқы медико-санитарлық көмек орталығында өткізді.

Интерн дәрігерлер өздері тәжірибеден өтіп жүрген емханада жүрек- қантамыр жүйесі ауруларымен есепте тұратын науқастар болуы мүмкін асқынулардың алдын алу жолдары, өмір сүру салтын өзгерту, зиянды әдеттерден бас тарту, белсенді өмір сүрудің маңыздылығы туралы түсінікті тілде сұхбат жүргізді. Сонымен қатар науқастарға дұрыс тамақтану мен тағайындалған емнің уақытылы қабылдануының маңыздылығы жайында, жылына неше рет емдеуші дәрігерге келіп тексерілу қажеттілігі және қандай жағдайда жедел көмек шақыру керектігі туралы сөз қозғады.

Осындай шаралар науқастар үшін де, болашақ дәрігерлер үшін де қажет, себебі дұрыс ақпарат алу арқылы созылмалы аурулары бар науқастардың емінің нәтижесі жақсарып, асқынулар азаюынан өмір сүру ұзақтығы артатыны сөзсіз. Ал болашақ мамандар осындай шара арқылы созылмалы аурулары бар науқастармен нәтижелі жұмыс ұйымдастыра білуді үйренеді.

Жарияланды:
Рубрикалар: Оқушылар