2021 жылғы 9 наурыз күні Тарбағатай ауданының мектеп-лицейлеріндегі 10-11 сынып оқушыларына түлектерді жұмыспен қамту және Medical Foundation дайындық тобының бас маманы Э.М. Турарова және әдіскер Д.Е. Советбеков кәсіби бағдар беру жұмысын жүргізді.
Сондай-ақ, симуляциялық технологиялар кафедрасының бар екенін атап айтып, онда студенттер тренажерлармен және робот-симуляторлармен, манекен-имитаторлармен, электрондық фантомдармен, модель-муляждармен және басқа да интерактивті компьютерленген жабдықпен практикада өз дағдыларын дамыту мүмкіндігін білді. Болашақ талапкерлеріміз студенттерге өте жоғары деңгейде жағдай жасалып жатқанын көріп, университет ұжымына, қызметкерлеріне өз ризашылықтарын білдірді.
Мектеп оқушыларына СМУ барлық мамандықтары және төлем бойынша жеңілдіктер таныстырылды, жалпы университеттің презентациясы берілді және электронды форматта үлестірме материалдар, атап айтқанда Семей медицина университетінің буклеттері таратылды.