СМУ мектеп оқушыларымен жұмыс бағыттарының бірі кәсіптік бағдар беру жұмысы болып табылады. Осыған орай, 2021 жылдың 11 наурызында “ZOOM” платформасында Жамбыл облысының орта білім беретін мектеп-лицейлерінің 10-11 сынып оқушыларына кәсіптік бағдарлау іс-шарасы өтті. Шараға 300-ден астам оқушылар қатысты.
Түлектерді жұмыспен қамту және Medical foundation бөлімінің әдіскері Д.Е. Советбеков Семей медицина университетін таныстыра отырып, өзінің білімі мен іскерлігін сәтті көрсетті.
Мұндай іс-шараны өткізу талапкерлер үшін түлектердің назарын аудару және оларға қабылданған шешімнің барлық перспективаларын көрсету, сондай-ақ оқуға түсу ережелерімен, Семей медицина университетінде оқумен таныстыру үшін өте маңызды және қажетті болып табылады. Білім беру процесіне қатысты сұрақтар қойылып: оқу қызметі, шәкіртақы төлеу, түлектердің талап етілуі және СМУ оқу мүмкіндігі туралы ақпарат ұсынылды. Кәсіптік бағдар беру жұмысының соңында мектеп оқушылары өз әсерлерімен бөлісіп ТЖҚ және MF әдіскері Д.Е. Советбековке алғыстарын білдірді.