Наурыздың 9-11 күндері профессор Н.А. Хлопов атындағы топографиялық және клиникалық анатомия кафедрасы мен анатомия кафедрасы бірлесіп, «Анатомия» пәні бойынша онлайн-олимпиада өткізді. Әділ қазы ретінде профессор Н.А. Хлопов атындағы топографиялық және клиникалық анатомия кафедрасы меңгерушісі А.К. Букатов, оқытушы А.Е. Бикажанова және анатомия кафедрасы оқытушылары Д.О. Садыкова мен М.Б. Жандаулетова қатысты.
Олимпиадаға «Жалпы медицина» мамандығының 1-ші және 4-ші курс студенттері қатысты. Барлық қатысқан студенттер саны 30. Олимпиада 2 кезеңнен тұрды. 1-ші кезеңде іріктеу тесті өткізілді. Тестілеу нәтижесі бойынша 12 студент келесі кезеңге өтті. 2-ші кезең ОҚПЕ түрінде өтті. Бұл кезең нәтижесі келесідей:
4311 топ Тоғжан Қапсеметова 1-ші орын
1111 топ Альбина Жұмашева 2-ші орын
1111 топ Темирлан Толеубеков 2-ші орын
1109 топ Ақниет Кыдырханова 3-ші орын
1111 топ Айнұр Маулетова 3-ші орын.
Марапаттау түрінде студенттерге сертификаттар берілді. Олимпиаданы өткізуге қаржылай қолдау көрсеткені үшін университеттің кәсіподақ комитетінің басшысы Советов Бақытбек Советұлына ерекше алғысымызды білдіреміз.