Алаш қайраткері Әлихан Бөкейхановтың туғанына 155 жыл

Алаш қайраткері Әлихан Бөкейхановтың туғанына 155 жыл

Биыл Алаш қозғалысының көшбасшысы, ұлт жанашыры, тарихи тұлға Әлихан Бөкейхановтың туғанына 155 жыл. 2021 жылдың наурыз айының 13-ші жұлдызында «Жалпы медицина» мамандығының 1111 топ студенттері, топ жетекшісі микробиология кафедрасының оқытушысы М.М. Мәлікқызымен қаламыздың Әлихан Бөкейхановтың рухына тағзым етіп, ұлт зиялылары  тарихи шешімдер қабылдаған ғимараттардың бірі, кезінде «Бостандық үйі» атанған, қазіргі тарихи-өлкетану мұражайына барып қайтты. Осы ғимаратта 1917 жылы Алаш қозғалысының басшысы Әлихан Бөкейханов қала тұрғындарымен кездескен. Сол жылы осы ғимаратта қазақтардың бірінші облыстық съезі өтті. Съезде Қазақ автономиясын құру туралы шешім қабылданды. Қазіргі күні музей қорында 108 мыңнан артық жәдігер сақтаулы. Жаңартылған экспозициялар музейдің залында болдық. Мұражайдан алған әсеріміз сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес, тек ризашылық ықыласымызбен ғана баяндалады. Рухани жан дүниеміз жаңғырғандай сезімдеміз.

1 курс 1111 ЖМ тобы, куратор М.М. Мәлікқызы

Жарияланды:
Рубрикалар: Оқушылар