Қайырымды жандар қамқорлық жасады

Қайырымды жандар қамқорлық жасады

Денсаулық – баға жетпейтін жалғыз ғана асыл дүние. «Бірінші байлық – денсаулық», «Денсаулық – зор байлық» дейді қазақ. Дүние есігін ашқаннан аурумен күресіп, өмір сүруге жанталасып жатқан сәбилеріміз өкінішке орай қазір көп болып тұр.

Ұлыстың ұлы күніне қарсы отбасылық медицина кафедрасы және кафедра оқытушысы Дюсенова Ляззат Бекберовнаның жетекшілігімен 5222-ші топ студенттері сондай батыл да мықты сәбилеріміздің біріне және ата-анасына көмек қолын созып, қал-жағдайларын сұрап, кездесіп қайтты. Дүниеге келісімен қойылған диагнозы: Церебральды сал ауруы, гиперкинетикалық форма, гипоксиялық-ишемиялық генездің орталық жүйке жүйесінің перинаталды зақымдануы, қозғалыс бұзылысы синдромы, бастың, қолдың және аяқтың гиперкинезінің көрінісі.

Әлемдегі мыңдаған сәбидің сауығып, бақытты балалық шақты өткізгенін шын жүректен қалаймыз. Әрбір медицина студенті осы жолда өз үлесін қосатынына сенімдіміз. «Сенің табаныңа кірген тікен, менің маңдайыма қадалсын» деп жанталасып жүрген ата-анасына сабыр, сәбиге мықты ерік-жігер тілейміз.

Жарияланды:
Рубрикалар: Оқушылар