Семей медицина университетінде студент, тек қана медициналық білім алып қоймай, сонымен қатар жан жақты дами алады. Соның бір дәлелі бүгінгі біз барған университет музейі мен кітапханасы.
Бізді білім нәрімен сусындататын ғылым, тілсіз мұғалім – осы кітап. Тағылымы мол тәрбие ошағына айналып отырған кітапхананың университетімізде алар орны оразан зор. Кітап оқу арқылы біз білімімізді шыңдап, сөздік қорымыз бен ой-өрісімізді кеңейтеміз. Қазіргі таңда біздің кітапханамызда 800 мыңға жуық кітаптар бар екен. Әр студент өзін дамытуға арналған кез келген оқулықты таба алады.
Музей – мәдени дәстүрді және бай тарихи мұраны сақтаушы. Музей тек ұлттық тарихи нұсқаларды сақтап қана қоймай, жалпы адамзатқа тән үздік құндылыққа тәрбиелейді, Отанын сүйетін, ел келешегін жалғастырушы жас мамандарды тәрбиелеу міндетін атқарады. Аты ұмытылмас тұлғаларымызды әрқашан есте сақтауға, құрметтеуге үйретеді.
Музейге экскурсия кезінде ата-бабамыздың тарихын ғана біліп қоймай, университетіміздің де тарихын жақсырақ біліп қайттық. Университет түлектерін, ғалым ата-ағаларымызды көріп біз де сол кісілер сияқты болып, еліміздің медицинасын дамытамыз деп алдымызға үлкен мақсат қойдық. Қазақтың батыр қызы, тарихта ерекше орны бар Мәншүк Мәметова апамыздың балалық шағын, өмірін, ерліктерін естіп таңғалдық. Әр әйелдің бойында болу керек ер мінезділік қасиеттерін естіп, әрқашан жан жақты дамып, мықты болуымыз керек екенін түсіндік.
Қорыта айтқанда, әр студент өз унивеситетінің тарихын міндетті түрде білу керек деп ойлаймыз. Бүгінгі музейге жүргізілген экскурсиядан ерекше әсер алып, әрбір затты көргенде дәл сол кезеңге түскендей күй кештік және болашаққа жаңаша көзбен қарай бастадық. Осындай керемет көңіл-күй сыйлап, тарихымызды тереңірек білуге себепші болған музей мен кітапхана қызметкерлеріне үлкен алғысымызды білдіреміз!
1110 ЖМ тобы