17-ші наурызда Наурыз мейрамының аясында өткен Зияткерлік күнінде университет қабырғасында “Салауат” дебат клубының ұйымдастыруымен «Med Life – Наурыз» интеллектуалды ойыны өтті. Ойында университетіміздің 1 курс студенттерінен құралған 8 команда бақ сынасты. Ойын барысында студенттер Наурыз мейрамына байланысты түрлі сұрақтарға жауап беріп, ұмыт болған дәстүрлер туралы білді.
Ойын нәтижесі бойынша:
1-орын – «Достық»
2-орын – «Медики»
3-орын – «Бірлік» командалары иеленді.
Қатысқан ойыншылар мен ойынды ұйымдастыруға көмек берген университет басшылығына алғысымызды білдіреміз.