Қайырымдылық – мейірімділіктің іс жүзіндегі бір көрінісі. Қайырымдылық – мұқтаж, кіріптар, көмекке құштар адамдарға іс жүзінде жақсылық жасау. Наурыз мейрамы қарсаңында 18 наурыз күні «Игі істер күніне» орай Семей медицина университетінің мейірбике ісі, ішкі аурулар пропедевтикасы, отбасылық медицина, акушерия және гинекология, А.А. Қозбағаров атындағы перинатология кафедраларының оқытушыларының қатысуымен қақаған аязда тосыннан келген тілсіз жаудың кесірінен даладан қалған Рыспаев Алмат Елгелдиевичтің отбасына көмек көрсетілді. Қамқорлық жасау қайырымды қоғамның қағидасы деп білеміз. Бірігіп көтерген жүк жеңіл!
Категориясы: Қоғамдық өмір
Осы жазбамен бөлісу