2021 жылдың 16-шы наурыз күні ҚР ҰҒА академигі Раисов Т.К. атындағы молекулалық биология және медициналық генетика кафедрасының 2204, 2217, 2218 кураторлық топтарына «Рухани Жаңғыру» бағдарламасы аясында «Берел қорғаны және оның жәдігерлері» тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді.
Берел қорымы Абай облысы Катонқарағай ауданы, Бұқтырма өзенінің оң жағалауында орналасқан. Құнды жәдігерлер мен обалар тарих қойнауынан сыр шертіп, археологиялар зерттеулердің айнымас орталығы болып табылады.
Топ старосталары тарихи ескерткіш жайлы мәліметтермен бөлісіп, қызықты видеоролик тамашалауға ұсынды.
Қызықты өткен жиында Қатон-Қарағайлық студенттер аймақтың тұмса табиғатын суреттеп, барлық қатысушыларды қонақ болуға шақырды! Әрине, “қазақстандық Швейцария” атанған Қатон-Қарағайдың табиғатын сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес.
ҚР ҰҒА академигі Т.Қ. Раисов атындағы молекулалық биология және медициналық генетика кафедрасының оқытушысы Өртбаев Ернұр Ерланұлы