Кәсіптік бағдар беру жұмысының жоспары бойынша кезекті онлайн-кездесу өтті

Кәсіптік бағдар беру жұмысының жоспары бойынша кезекті онлайн-кездесу өтті

Кәсіптік бағдар беру жұмысының жоспары бойынша кезекті онлайн-кездесу 2021 жылғы 17-ші наурыз күні университеттің ресми Instagram желісінде тікелей эфирде өтті. Жұмысқа орналастыру және Medical Foundation бөлімінің бас маманы Эльмира Турарова және әдіскер Даурен Советбеков кездесу барысында жаңа 2021-2022 оқу жылына Ұлттық бірыңғай тестілеудің (ҰБТ) жаңа форматы туралы, тестілеуді тапсыру ережелері, мерзімдері мен ерекшеліктері жөнінде ақпарат берді. Осындай шаралардың өткізілуі оқуды аяқтаушы түлектер үшін өте маңызды және қажетті болып табылады. Эфир барысында білім беру процесіне қатысты сұрақтар қойылып: оқу қызметі, жатақхана, түлектердің талап етілуі және СМУ оқу мүмкіндігі туралы ақпарат ұсынылды.

Кәсіптік бағдар беру жұмысының соңында мектеп оқушылары өз әсерлерімен бөлісіп, ТЖҚ және MF бас маманы Э. Турароваға және әдіскер Д. Советбековке алғыстарын білдірді.

Жарияланды:
Рубрикалар: Оқушылар