18-ші наурыз — Игі істер күні

18-ші наурыз — Игі істер күні

Мейрімділік – адамның өзге біреуге жылылығын, ізгі ниеті мен лебізін білдіру көрінісі. Мейрімділік адамдар арасындағы сыйластық, кең пейілділік, жанашырлық секілді қасиеттерге негізделеді.
Шәкәрім атамыз айтқандай: «Мейрімділік – махаббат, қайырымдылық, адалдық секілді ақ жүректен шығады».
Осыған орай, Наурыз мейрамы қарсаңында медицинадағы IT, медициналық білім беру, микробиология, ҚР ҰҒА академигі Т.К. Раисов атындағы молекулалық биология және медициналық генетика, қалыпты физиология, ҚР ғылымына еңбегі сіңген қайраткері Т.А. Назарова атындағы патологиялық физиология, м.ғ.д., профессор М.Н. Мусин атындағы фармакология кафедраларының оқытушылары қаламыздың көпбалалы аналарының біріне гуманитарлық көмек көрсетті.
Ақ мол болсын деген тілекпен, кафедра оқытушыларынан жиналған қаржылай көмек пен азық-түлікті табыстап, бір отбасына болсын қуаныш сыйлай алдық деген сенімдеміз.
Өртбаев Ернұр Ерланұлы
ҚР ҰҒА академигі Раисов Т.К атындағы молекулалық биология және медициналық генетика кафедрасының оқытушысы
Жарияланды:
Рубрикалар: Қоғамдық өмір