25 наурыз күні Семей медицина университетінде онлайн-форматта Ғылыми кеңестің кезекті отырысы өтті. Басқосу барысында оқу процесін, ғылыми қызметті одан әрі дамытуға және жалпы университеттегі процесстерді жетілдіруге бағытталған бірқатар өзекті мәселелер талқыланды.
Дәл бір жыл бұрын Қазақстан да бүкіл әлем секілді коронавирустық инфекцияның пандемиясына тап болды. Семей медицина университеті ұжымның бірлігі мен жоғары кәсіби деңгейінің арқасында қауіпті вируспен күреске өз үлесін қосуда. Өкінішке орай, бұл қиын күресте ауыр шығындар орын алмай қоймады. Батылдық, табандылық және кәсіпқойлыққа құрмет пен таңдануды білдіре отырып, университетте басқаларды құтқару үшін өз өмірін қиған біздің заманымыздың батырларының есімдерін бірқатар кафедралар мен залдарға беру туралы шешім қабылданды. Ғылыми кеңес мүшелері шұғыл медицина кафедрасына профессор, ҚР Ұлттық ғылым академиясы мүшесі, жоғары санатты травматолог-ортопед Дюсупов Ахметқали Зайнолдаевичтің есімін беру туралы шешім қабылдады. Естеріңізге сала кетейік, СММИ түлегі Ахметқали Зайнолдаұлы бұрын «Апаттар медицинасы мен ЕДШ курсы» кафедрасын басқарған, көп жылдар бойы шұғыл медицина кафедрасында қызмет еткен. Ғылыми және педагогикалық қызмет барысында 300 ғылыми жұмыс, оның ішінде апаттар медицинасы бойынша 20 оқу құралы жарық көрді. КСРО, ҚР 60-тан астам өнертабысының және РФ 4 халықаралық патентінің, оның ішінде ҚР өнертабысына 30-дан астам инновациялық патенттің және Семей қ. ММУ 75 рационализаторлық ұсынысының авторы болып табылады.
Ғылыми кеңестің шешімі бойынша жүрек-тамыр және торакальды хирургия кафедрасына көрнекті жүрек-тамыр хирургі, ангиохирург, кардиохирург Буланов Бекжан Серікбосынұлының есімі берілді. Бекжан Серікбосынұлы өңірдегі кардиохирургияның дамуына елеулі үлес қосты, диагностика мен емдеудің инновациялық әдістерін белсенді енгізді. Ресей мен алыс шетелдердің шекаралас аймақтарының жетекші орталықтарымен ғылыми-практикалық байланыстар орнатудың бастамашысы болды. Ангиохирургиялық операциялардың, зерттеу әдістерінің кең спектріне ие болды, оларды бөлімнің резиденттеріне, интерндерге және студенттерге берді. Көптеген баспа еңбектері, өнертабысқа өнертапқыштық ұсыныстары мен патенттері, сондай-ақ денсаулық сақтау министрлігінің, ШҚО әкімінің грамоталары мен медальдары бар.
Бірінші дәріс залы ЖОО ардагері, ҚР Денсаулық сақтау және білім беру үздігі, Еңбек ардагері, орыс және шет тілдер кафедрасының алғашқы оқытушыларының бірі Орал Абдулгалимович Адильхановтың есімімен аталады. Екінші дәріс залына м.ғ.к., жоғары санатты гастроэнтеролог дәрігер Нұргүл Рамазанқызы Баркибаеваның есімі берілді. Нұргүл Рамазанқызы – 150-ден астам ғылыми мақалалар мен тезистердің, 5 рационализаторлық ұсыныстардың, инновациялық патенттің авторы. Заманауи гепатологияның өзекті мәселелеріне арналған жақсарту жобалары мен стартаптардың авторы және әзірлеушісі.