Игі істер күніне орай қайырымдылық шаралары жасалды

Игі істер күніне орай қайырымдылық шаралары жасалды

Наурыз – табиғаттың жаңарып, тіршіліктің жанданып, ниеттің тазарып, жақсылықтың, ізгіліктің оянатын шағы. 18-ші наурыз – игі істер күні әр адам мүмкіндігі келетін бір жақсы іс жасайды. Игі істер күні балалар жұқпалы аурулар кафедрасының меңгерушісі И.М. Эфендиев бастамасымен, оқытушылар, интерндер, резиденттер, дәрігер және мейірбикелердің ат салысуымен қайырымдылық шаралары ұйымдастырылып, игі істер жасалды. Кафедра ұжымы «СМУ» КеАҚ ардагері, Светлана Алашовнаның отбасына қонаққа барып, ұстазбен қауышты, қал білісіп, сыйлықтарын табыс етті. Сондай-ақ жұқпалы аурулар ауруханасында қызмет жасап, зейнетке шыққан К.К. Сапанова және А.М. Байырманова қаржылай көмек көрсетілді. «Басқаға қуаныш сыйлай білген – ең бақытты жан» деген екен Дени Дидро.

Жарияланды:
Рубрикалар: Қоғамдық өмір