Денсаулықты сақтауға және нығайтуға бағытталған сауықтыру жолындағы белсенді іс-әрекет бұл салауатты өмір салты. Адамның өмір салты өздігінен қалыптаспайды, ал салауатты өмір салты өмір сүру барысында мақсатты түрде қалыптасады. Әр түрлі аурулардың алдын алу үшін ағзаны үнемі шынықтыру қажет. Спортпен айналысу және зиянды әрекеттерден бас тарту, дұрыс тамақтану салауатты өмір салтын құрайды. Сонымен, 2021 жылғы 26 наурыз күні куратор Ильдербаева Гульжан Оралбековна 1110 топ ЖМ студенттерімен «Салауатты өмір салтын қалыптастыру» тақырыбында дисскусия жүргізді. Zoom конференцияда кездесу барысында студенттер тақырып бағытына байланысты ой-пікірлерін айтып, белсене қатысты, сонымен қатар, салауатты өмір салтын қалыптастыруда студенттер көптеген пайдалы ақпараттар алды және осы бағытты ұстануға, біздің кездесуіміз себепші болады деген ойдамын.
1110 ЖМ кураторы, проф. М.М. Уразалин атындағы микробиология кафедрасының оқытушысы Г.О. Ильдербаева