Терапиялық стоматология кафедрасындағы  академиялық ұтқырлық

Терапиялық стоматология кафедрасындағы академиялық ұтқырлық

«СМУ» КеАҚ терапиялық стоматология кафедрасында Алматы қаласындағы Қазақстан-Ресей медициналық университетімен бірлесе отырып, профессорлық-оқытушылық құрам мен 3 курс студенттерінің арасында академиялық ұтқырлық жүргізілді. Ұтқырлық онлайн режимде «Кариесология және тістің қатты тіндерінің тісжегілі емес зақымдануы» пәні бойынша 2021 жылғы 23-ші ақпан мен 5-ші наурыз күндері аралығында жүргізілді, студенттерді оқыту процесіне ассистент М.С. Молдажанова қатысты, ол оқытудың интерактивті әдістерін қолдана отырып, конференцияны Zoom платформасында сабақ өткізді.

2021 жылғы 11-19 наурыз аралығында “СМУ” КеАҚ терапиялық стоматология кафедрасы Нұр-сұлтан қаласындағы Астана медицина университетінің терапиялық стоматология кафедрасымен академиялық ұтқырлықты жалғастырды. Академиялық ұтқырлықта «Терапиялық стоматология» пәні бойынша «Стоматология» мамандығының 5 курс студенттері  және профессорлық-оқытушылық құрам қатысты. Сабақтарды онлайн режимде ассистент П.А. Бекенова конференциямен Zoom платформасында өткізді. Онлайн-оқыту барысында академиялық ұтқырлық  бойынша сабақ өткізген ассистенттер 3, 5 курс студенттерінің академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша онлайн оқығаны үшін сертификаттармен марапатталды. Қызметтің бұл түрі студенттердің білім алуға деген ынтасын арттыруға, олардың оқытудың интерактивті әдістеріне қатысуына, теориялық және практикалық білімдерін тереңдетуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ, оқу мен оқыту процесінде студенттердің коммуникативтік дағдыларын дамыту үшін импровизацияны қолданудың маңыздылығына баса назар аударылды.

Жарияланды:
Рубрикалар: Оқушылар