Болашақ талапкерді  университетпен  таныстыру

Болашақ талапкерді университетпен таныстыру

26 наурыз 2021 жылы түлектерді жұмысқа орналастыру және Medical Foundation дайындық бөлімінің бас маманы Э.М. Турарова мен әдіскер Д.Е. Советбеков және проф. Н.А. Хлопов атындағы топографиялық және клиникалық анатомия кафедрасының меңгерушісі А.К. Букатов, кітапхана бас маманы Г.С. Кадирсизова және де симуляциялық технологиялар кафедрасының оқытушысы Ж.И. Смагулованың көмегімен Зыряновск  қаласының орта білім беретін мектептің 11 сынып оқушысына университетішілік экскурсия ұйымдастырды.

Жоғары сынып оқушысына анатомиялық мұражаймен танысу мүмкіндігі бұйырып, онда проф. Н.А. Хлопов атындағы топографиялық және клиникалық анатомия кафедрасының меңгерушісі А.К. Букатов мұражайда ұсынылған экспозициялар туралы әңгімеледі, сондай-ақ 3D үстелді іс-әрекетте көрсетіп, студенттерге қандай жағдай жасалынып отырғаны туралы атап көрсетті.

Сондай-ақ, симуляциялық технологиялар кафедрасында болды, онда студенттер тренажерлармен және робот-симуляторлармен, манекен-имитаторлармен, электрондық фантомдармен, модель-муляждармен және басқа да интерактивті компьютерленген жабдықпен практикада өз дағдыларын дамытуға ие екендігін көріп шықты.

Болашақ талапкер Семей медицина университетіне түсу ережелерімен танысып, білім беру бағдарламалары туралы қажетті мәліметтерді алып, біздің университет қабырғасында бірінші рет болғанын атап айтты. Болашақ талапкеріміз студенттерге өте жоғары деңгейде жағдай жасалып жатқанын көріп, университет ұжымына, қызметкерлеріне өз алғысын білдірді.

Жарияланды:
Рубрикалар: Оқушылар