Медицина жастары жемқорлыққа қарсы

Медицина жастары жемқорлыққа қарсы

Бүгінгі күні бүкіл әлемді қамтыған жаһандық қауіп-қатерлердің бірі бұл – сыбайлас жемқорлық, ол қалыпты даму мүмкіндігін берместен қоғамға іріткі салатын зиян құбылыс. Сыбайлас жемқорлықты жою үшін онымен бірлесіп күресу керек. Бұл үшін қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру қажет. Осы мақсатта ҚР ҰҒА академигі Т.К. Раисов атындағы молекулалық биология және медициналық генетика, гистология кафедралары және жастар саясаты бөлімінің ұйымдастыруымен 1-ші курс студенттеріне арналған «Адал бол» тақырыбында кездесу өткізілді. Кездесудің арнайы қонақтары ретінде ШҚО мәслихат депутаты, ШҚО әкімінің сыбайлас жемқорлық мәселелері бойынша штаттан тыс кеңесшісі, «Шығыс – Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі Маржан Бахытқызы және Семей қалалық мәслихат депутаты, Семей қаласы әкімінің штаттан тыс кеңесшісі, «Семей-Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі Даирова Дариға Абайқызы шақырылды.
Сонымен қатар, университет заңгерімен сыбайлас жемқорлыққа қарсы комитет төрағасы Ғ. Исимбеков қатысты.
Маржан Бахыт медицина саласында жемқорлық түп-тамырымен болмауы керектігін алға тартып,студенттерді тұрмыстық жемқорлықпен бірге күресуге шақырды. Өз кезегінде студенттік өзін-өзі басқару ұйымының мүшесі Диас Байдюсенов сыбайлас жемқорлыққа қарсы университетімізде жүргізіліп жатқан іс-шаралар туралы баяндама жасады.
Жиын соңында сыбайлас жемқорлыққа қатысты видеороликтер көріп, студенттер қызықтырған сұрақтарына жауап алды.
Жарияланды: