Академиялық ұтқырлықтың болашақ мамандараға берері

Академиялық ұтқырлықтың болашақ мамандараға берері

Академиялық ұтқырлықтың басты мақсаты – университетіміздедегі барлық білім алушыларды жан-жақты оқу процесімен таныстыру, өзара тәжірибе алмастыру, теориялық білімді тәжірибемен ұштастыруға жағдай жасау.

Биылғы жылы ғана ашылған раебилитология мамандығы үшін және біздерге, болашақ реабилитолог дәрігерлерге бұл үлкен оң өзгерістер әкелуде. Осы орайда осындай игі бастамаларға себепші болып, еліміздің түрлі қаларында білім алып, тәжірибе жинауымызға және білікті маман болып шығуымызға орасан зор көмегін беріп жатқан университетімізге алғысымыз шексіз.

Клиникалық тәлімгеріміз Д.М. Тусупова атындағы педиатрия,балалар хирургиясы, травматология және ортопедия кафедрасының доценті, м.ғ.к. Алия Рахметоллақызы мен Өскемен қаласындағы Шығыс Қазақстан облыстық реабилитация орталығының бас дәрігерінің емдеу бөлімі және ұйымдастыру-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары Секеева Толкын Маратқызымен өзара жасалған келісім негізінде 2 апта көлемінде аталған Реабилитациялық орталықта соңғы уақытта шығып, қолданысқа берілген жаңа аппараттармен танысып, олардың жұмыс жасау механизмі мен орталыққа келушілерге тигізетін оң әсерін көрдім. Білікті, тәжірибесі мол дәрігер-реабилитологттармен жұмыс жасап келешекке қажетті тәжірибе жинадым. Алдағы уақытта да осы жоба ары қарай жалғасын тапса деген тілегім бар.

Физикалық медицина және реабилитация резиденті М.Қ. Бітснова

Жарияланды:
Рубрикалар: Оқушылар