2021 жылы 30 наурызда Ташкент мемлекеттік медицина академиясының базасында ZOOM платформасында онлайн-форматта I Халықаралық студенттік ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Конференция 7 түрлі секция бойынша өтті. Конференцияда балалар аурулары, клиникалық фармакология және фтизиатрияның өзекті мәселелері талқыланды. Конференцияға балалар жұқпалы аурулар кафедрасының СҒҮ атынан медицина мектебінің ағылшын бөлімінің 3 курс студенті М. Б. Мұсабеков “Семей қаласында COVID-19 ауырған балалардың құрылымы” (ғылыми жетекшілері: м.ғ.к., доцент И.М. Эфендиев, кафедра ассистенті Е.С. Смаилов) тақырыбында қатысты.
Конференция қорытындысы бойынша М.Б. Мұсабеков “Зерттеудің бірегейлігі” номинациясы бойынша дипломмен марапатталды.
Балалар жұқпалы аурулар кафедрасының СҒҮ хатшысы Д.М. Абдыгазизов