2021 жылдың 16-18 наурызында Волга медициналық зерттеу университетінде (Нижний Новгород қаласы) “VolgaMedScience” халықаралық қатысуымен жас ғалымдар мен студенттердің VII Бүкілресейлік ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті. Конференцияға 9 мемлекеттің 35-тен астам қалаларынан студенттер қатысты. №8 “Микробиология және иммунология, эпидемиология, онкология” секциясында Б.С. Буланов атындағы жүрек-қан тамырлар және торакальды хирургия кафедрасының СҒҮ медицина мектебінің 5101 тобының студенті Алмас Ерлан “2018-2019 жылдардағы Қазақстан Республикасында туберкулезді емдеу нәтижелері” тақырыбында баяндама жасады.
Жүрек-қантамырлары және торакальды хирургия кафедрасының СҒҮ хатшысы Д.М. Абдыгазизов