Күміс жастағылардың белсенді ұзақ өмір сүруді қамтамасыз ету, өмір сапасы мен әлеуметтік белсенділікті арттыру, физикалық және рухани денсаулықты нығайту мақсатында СМУ терапиялық стоматология кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамы 2021 жылғы 30 наурыз күні «Күміс университет» бағдарламасы шеңберіндегі конференцияға қатысып, «Протездік стоматит. Диагностика. Емі. Алдын алу» атты дәріс оқыды. Дәріс материалы алынбалы ортопедиялық құрылымдарды қолданатын егде жастағы азаматтар арасында өзекті. Осы аурудың клиникалық белгілерін білу мәселені уақытылы анықтауға және тиісті ем алуға көмектеседі. Дәріс протезді стоматиттердің көріністерін білуге, туындаған жағдайда мәселені уақытылы байқап, емді дер кезінде қабылдауға көмектеседі. Дәріс тақырыбы бойынша конференцияға қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойды. Терапиялық стоматология кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамы барлық сұрақтарға толық жауап берді.
Категориясы: Қоғамдық өмір
Осы жазбамен бөлісу