«Соматикалық аурулары бар балаларға реабилитациялық көмек» электив пәнін қорытындылау, алған білімдерін нығайту, жаңа ақпаратпен таныстыру мақсатында 2021 жылдың 15 сәуірінде оқытушымыз Алимбаева Алия Рахметтулақызының жетекшілігімен “Тоқтамыс” оңалту орталығы базасында Д.М. Тусупова атындағы балалар хирургиясы, ортопедия және педиатрия кафедрасының «Физикалық медицина және реабилитация» резиденттерінің ұйымдастыруымен пәндік олимпиада өтті. Олимпиадаға 627, 628 ЖТД интерндері қатысты. М.ғ.к., доцент Алимбаева құттықтау сөз сөйлеп, интерндерге сәттілік тілей отырып, олимпиаданы салтанатты түрде ашып берді.
Олимпиада 4 кезеңнен құралды. 1-ші кезенде барлық интерндерге тест таратылып, ең жоғары ұпай алған 6 интерн келесі кезеңге өтті. 2 кезеңде викториналық сұрақтарға жауап берілді. 3 кезеңге өткен 4 интернге ситуациялық есеп берілді. Жоғары ұпай алынған 2 интерн тәжірибелік дағдылар бойынша сынақтан өтті. Біліктілігімен көзген түскен Қалиеа Нәзігүл көшбасшы атанып, 1-ші орынға ие болды. Жалпы 627, 628 ЖТД итерндері белсенділікпен қатысып, жоғары білім деңгейін көрсетті.
Теңдік оқыту жүйесі бойынша ұйымдастырылған осындай танымдық, білім мен біліктілікті арттыратын олимпиадалық сайыстардың көптеп өткізілуі интерн-дәрігерлерге болашаққа нақты және дұрыс қадам жасауларына септігін тигезітіні анық.
Олимпиада соңында интерндер реабилитацияға қатысты қызықтырған сұрақтарына жауап алып, ұйымдастырушыларға өз ризашылықтарын білдірді.
Физикалық медицина және реабилитация резиденттері:
М.Қ. Бітснова
А.Е. Еркінова
А.А. Қайроллаева
А.Е. Жүрсінбек[vc_row dt_title=”” mode=”masonry” responsiveness=”browser_width_based” bwb_columns=”desktop:2|h_tablet:2|v_tablet:2|phone:1″ pwb_column_min_width=”” pwb_columns=”” gap_between_posts=”5px” loading_effect=”fade_in” image_sizing=”proportional” resized_image_dimensions=”1×1″ image_border_radius=”0px” image_decoration=”none” shadow_h_length=”0px” shadow_v_length=”4px” shadow_blur_radius=”12px” shadow_spread=”3px” shadow_color=”rgba(0,0,0,0.25)” image_scale_animation_on_hover=”slow_scale” image_hover_bg_color=”default” custom_rollover_bg_color=”rgba(0,0,0,0.5)” custom_rollover_bg_gradient=”45deg|rgba(12,239,154,0.8) 0%|rgba(0,108,220,0.8) 50%|rgba(184,38,220,0.8) 100%” hover_animation=”fade” on_click=”popup” show_zoom=”y” gallery_image_zoom_icon=”icomoon-the7-font-the7-zoom-06″ project_icon_size=”32px” project_icon_color=”#ffffff” project_icon_bg_size=”44px” project_icon_bg=”n” project_icon_bg_color=”rgba(255,255,255,0.3)” project_icon_border_radius=”100px” project_icon_border_width=”0px” project_icon_border_color=”” loading_mode=”disabled” jsp_posts_per_page=”” jsp_show_all_pages=”n” jsp_gap_before_pagination=”” jsm_posts_per_page=”” jsm_gap_before_pagination=”” jsl_posts_per_page=”” navigation_font_color=”” navigation_accent_color=”” include=”” dt_project_icon_title=”” css_dt_gallery=””][vc_column]