ШҚО медициналық ұйымының қызметкерлері үшін жаңа короновирустық инфекциясы және көп жүйелі қабыну синдромының балалардың жас ерекшеліктеріне байланысты клиникалық ерекшеліктерін, диагностикалау, емдеу және алдын алу мәселелері бойынша семинарлар өткізу жоспарын орындау шеңберінде 2021 жылғы 21-ші сәуірде Семей медицина университетінде “Балалар мен жасөспірімдерде COVID-19 клиникасы және емдеу (16.10.2020 жылғы балалардағы COVID-19 коронавирустық инфекциясын диагностикалау мен емдеудің клиникалық хаттамасына сәйкес)” тақырыбында семинар өтті.
Онлайн-форматта ZOOM платформасы арқылы практикалық денсаулық сақтау қызметкерлері үшін оқытуды СМУ балалар жұқпалы аурулары кафедрасының меңгерушісі, м.ғ.к. Имдат Мусаевич Эфендиев және кафедра ассистенті Эльмира Мауленовна Ержигитова жүргізді.
Баяндамашы Э.М. Ержигитова балалар мен жасөспірімдерде короновирустық инфекцияның және көп жүйелі қабыну синдромының клиникалық ерекшеліктерін, алдын алу және стационардан шығару критерийлері, жіктелу, ауырлық критерийлері, зертханалық диагностика, емдеу мәселелері бойынша баяндама жасады.
Е.М. Ержигитова,
балалар жұқпалы аурулары кафедрасының ассистенті