2021 жылғы 20-сы сәуір күні м.ғ.д., проф. Ю.В. Пругло атындағы сот медицинасы және патологиялық анатомия кафедрасының ғылыми үйірме студенттері Г.Я. Тукинова және Ә.С. Халел және ҚР ғылыми еңбегі сіңген қызметкер Т.А. Назарова атындағы патологиялық физиология кафедрасымен қоса 3 курс студенттеріне “Жалпы патология” бойынша олимпиада жүргізді.
Олимпиада онлайн-форматта өтіп, 3 кезеңнен тұрды.
Тартысты жекпе-жекте білімдерімен қатарластарынан озып, мәреге жеткен студенттер: 1 орын – Ернар Сайлаубек, 2 орын – Айтолқын Еменова, Аида Сагандыкова, 3 орын – Наргиз Кенжина, Темирлан Шынгаев, Ержан Айтказыулы.