Семей медицина университетінің медициналық білім беру кафедрасы студенттерді “Психология” пәні бойынша олимпиадаға қатысуға шақырады

Семей медицина университетінің медициналық білім беру кафедрасы студенттерді “Психология” пәні бойынша олимпиадаға қатысуға шақырады

Олимпиадаға қатысу сіздің психология пәні бойынша біліміңізді, құзыреттілігіңізді және коммуникативті дағдыларыңызды көрсетуге мүмкіндік береді.

Ұйымдастырушылар: Семей медицина университетінің медициналық білім беру кафедрасы, медициналық білім кафедрасының СҒҚ.

Ұйымдастыру комитетінің құрамы:
Төрайым: Балашкевич Наталья Александровна – медициналық білім беру кафедрасының меңгерушісі, медициналық ғылымдар магистрі.
Тең төрайым: Кунслямова Тоғжан Кунслямқызы
Ұйымдастыру комитетінің мүшелері: А.Г. Гизатуллина, А.М. Асылбекова, С.Ж. Нургалиева, Б.А. Орынбасарова, О.Т. Ван.
Қатысушылар: “Стоматология” мамандығының 2 курс студенттері.

Олимпиада 2021 жылғы 30 сәуірдің 5 мамырға дейін байланыс платформалары арқылы қашықтан онлайн режимінде өткізіледі. Олимпиаданың тілі – қазақ және орыс.

Психология бойынша онлайн-олимпиадаға қатысу үшін сіз топтарды тіркеу формасын толтырып, жүктеп алуыңыз керек, оны басып шығару, қол қою және сканерленген көшірмесін ұйымдастыру комитетіне medical.education@smu.edu.kz жіберу қажет.

Сонымен қатар, әр топ қатысу үшін сканерленген өтінімдерді бір мекен-жайға жібереді. Топтың атауы (ұраны, эмблемасы) және капитаны болуы керек. Топқа қатысушылар саны капитанды қосқанда 5-тен 10 адамға дейін. Дайын материалдармен файлдар (эсселер, презентациялар, бейне тапсырмалар) ұйымдастыру комитетіне medical.education@smu.edu.kz мекен-жайына жіберілуі керек.
Олимпиада нәтижелері бойынша қатысушыларға сыйлықтар мен ынталандыру номинацияларының электрондық сертификаттары беріледі.

Байланыс мәліметтері:
Олимпиаданың жауапты хатшысы:
Альмисаева Айгуль Адильбековна тел: 8 747 778 6791

Жарияланды:
Рубрикалар: Хабарландырулар