2021 жылдың 19-20 наурызында Н.П. Огарев атындағы Мордовия мемлекеттік университетінің Медицина институтының базасында “MedМart” халықаралық қатысуымен Бүкілресейлік медицина жастарының ғылыми-білім беру форумы өтті. Оған қан-тамырлар және торакалды хирургия кафедрасының СҒҮ студенттері қатысты.
Форум аясында “Іргелі және клиникалық медицина: инновациялар және жетістіктер” халықаралық қатысуымен Бүкілресейлік жастар медициналық конференциясы өтті. Конференция ZOOM платформасында өтті.
Конференцияға медицина мектебінің 5101 тобының студенті Алмас Ерлан “Семей қаласының пациенттерінде туберкулездің қант диабетімен үйлесуі” баяндамасымен; медицина мектебінің 5101 тобының студенті Дәурен Абдыгазизов “Туберкулез плевритінің клиникалық әлеуметтік құрылымы” баяндамасымен; медицина мектебінің 3132 студенті Мұхтар Мұсабеков “Стационар жағдайында туберкулездің дәріге төзімді түрлерін емдеу” баяндамасымен қатысты.
Конференция қорытындысы бойынша “Жұқпалы аурулар” секциясында барлық 3 баяндама марапатталды – А.Е. Ерлан (1 орын), М.Б. Мұсабеков (2 орын), Д.М. Абдыгазизов (3 орын) (Ғылыми жетекшісі: кафедра ассистенті Горковенко Ольга Александровна).
Жүрек-қантамыр және торакальды хирургия СҒҮ хатшысы Д.М. Абдыгазизов