23-інші сәуір күні Zoom конференциясы арқылы доцент, Семей медицина университетінің құрметті профессоры Қалдыбаев Мұзаффар Ахметсафаұлымен «Білім беру мен білім алудың методикасы» атты «Танымал тұлғалармен жүздесу» жобасы аясында кездесу өтті. Кездесуге 1-5 курс студенттері қатысып, сұрақтарын қойды. Профессор онлайн-сабақтың оң және теріс жақтарын жіктеп, білім алам деген адамға ешқандай кедергі бөгет бола алмайды деп атап өтті. Доцент студенттерге ең бірінші орында дәрігердің бойында адамгершілік қасиет болу керек екенін ескертті. Мұзаффар Ахметсафаұлы сондай-ақ тұрақтылық, тіл, мәдениет, кітап тақырыптарында әңгіме өрбітті. Нағыз хирург қандай қасиеттерге ие болу керек екенін негіздеп, студенттерге білім алу кезеңіндегі жолдарына сәттілік тіледі. Кездесу жүргізушісі Семей медицина университетінің белсенді 4 курс студенті Амирлан Асқаров университет студенттері атынан кеш қонағы Мұзаффар Ахметсафаұлына алғыс білдіріп, жылы лебіздерін білдірді.