Ревматологияның қыр сыры

Ревматологияның қыр сыры

30 сәуір күні медицина ғылымдарының докторы, Семей медицина университетінің профессоры, ақылманы Иванова Райфа Латыфовнамен Танымал тұлғалармен жүздесу» жобасы аясында «Ревматологияның адам өміріндегі маңыздылығы» тақырыбында кездесу өтті. Кездесуге қызығушылық танытқан барлық студенттер қатысты. Райфа Латыфовна оқу ордамыздың алғашқы түлегі болғандықтан, бірінші жылынан бері университеттің тарихын түбегейлі біледі және де әлі күнге дейін өзінің тәжірбиесімен бөлісіп, студенттерге білім нәрін сусындатуда. Профессор ревматолог болу үшін ұзақ жылдар бойы білім алғанын айтты. Бірнеше мамандық бойынша, оның ішінде: кардиология, пульмонология, эндокринология сияқты бағыттар бойынша еңбек сіңіргеннен кейін ревмотологияға дайын болғанын айтты. Қазақстан бойынша алғашқы ревматология кафедрасы университетімізде ашылғанын, өңіріміздің білікті ревматологтарға бай екенін тілге тиек етті. Пациентке деген көзқарастың қалай болуын нақты дәлелдермен, мысалдармен айқын көрсетті. 35 жыл ревматологияға арнаған ақ халатты абзал жанның ақыл кеңестеріне студенттер асқан қызығушылықпен тыңдады.

Жарияланды: