Жеңіс күніне орай ашық сабақ өтті

Жеңіс күніне орай ашық сабақ өтті

Семей медицина университетінің 1 курс «Жалпы медицина» мамандығының 1114 тобының студенттері куратор Рымбаева Роза Дайырбековнамен 29 сәуір күні 9 мамыр – Жеңіс күніне арналған ашық сабақ өткізді.

Тәрбие сағатын өткізудегі негізгі мақсат – «Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды» деген қағиданы ұстана отырып, жас ұрпақты тарихты тереңнен тануға баулу. Студенттердің Отан тарихына деген сүйіспеншіліктерін арттыру, жеңіс салтанатын көре алмай кеткен боздақтардың ерлік істеріне тағзым етуге, өз халқымыздың тарихын құрметтей білуге, дүние жүзіндегі басқа ұлт өкілдерінің достығын нығайтуға тәрбиелеу.

Ашық сабақта топтың әр студенті батыр бабаларды еске алу мақсатында олардың ұмытылмас ерлігі мен ерен еңбегін мақтанышпен айтып өтті. Соғыс жылдары ержүректілікпен көзге түскен батырлардың құрметіне арналған ескерткіш монументтер жайында да сөз қозғап өтті.

Бүгінгі жастардың болашағы үшін қан төккен әскер мен апалардың даңқы еш уақытта өшпейді! Олардың рухына біздер тізе бүгіп, бас иеміз деумен тәрбие сағатымызды қорытындыладық.[vc_row dt_title=”” mode=”grid” responsiveness=”browser_width_based” bwb_columns=”desktop:1|h_tablet:1|v_tablet:1|phone:1″ pwb_column_min_width=”” pwb_columns=”” gap_between_posts=”5px” loading_effect=”fade_in” image_sizing=”proportional” resized_image_dimensions=”1×1″ image_border_radius=”0px” image_decoration=”none” shadow_h_length=”0px” shadow_v_length=”4px” shadow_blur_radius=”12px” shadow_spread=”3px” shadow_color=”rgba(0,0,0,0.25)” image_scale_animation_on_hover=”disabled” image_hover_bg_color=”default” custom_rollover_bg_color=”rgba(0,0,0,0.5)” custom_rollover_bg_gradient=”45deg|rgba(12,239,154,0.8) 0%|rgba(0,108,220,0.8) 50%|rgba(184,38,220,0.8) 100%” hover_animation=”fade” show_zoom=”y” gallery_image_zoom_icon=”icomoon-the7-font-the7-zoom-06″ project_icon_size=”32px” project_icon_color=”#ffffff” project_icon_bg_size=”44px” project_icon_bg=”n” project_icon_bg_color=”rgba(255,255,255,0.3)” project_icon_border_radius=”100px” project_icon_border_width=”0px” project_icon_border_color=”” loading_mode=”disabled” jsp_posts_per_page=”” jsp_show_all_pages=”n” jsp_gap_before_pagination=”” jsm_posts_per_page=”” jsm_gap_before_pagination=”” jsl_posts_per_page=”” navigation_font_color=”” navigation_accent_color=”” include=”” dt_project_icon_title=”” css_dt_gallery=””][vc_column]

[/vc_column][/vc_row]

Жарияланды:
Рубрикалар: Оқушылар